Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-да Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп ашылды

Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2022 09:16 Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Республика күніне орай, Батыс Қазақстан облысындағы Бәйтерек ауданы Щапов ауылында 420 орындық жаңа мектеп ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соңғы үлгідегі заманауи жабдықтармен қамтылған Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Бұған дейін мүлдем жөндеу көрмеген 120 балаға арналған ескі мектепте білім алып келген оқушылар енді жаңа ғимаратта білім алатындарына ерекше қуанып жүр. Ауыл тұрғындарының қуанышын бөлісе келген облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов мектеп ұжымына табысты еңбек тіледі.

Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2022 09:16

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңадан салынған білім ошағының ашылуы ұлттық мерекеміз-Республика күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мереке қарсаңында отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық тілеймін. Жаңадан ашылған мектепте жас өрендеріміздің білім алуына, спортпен, шығармашылықпен айналысуына бар жағдай жасалған. Сондықтан осы бастамаға қолдау білдірген «СКФ Отделсторой» ЖШС-не, мектеп ұжымына, ата-аналарға ризашылығымызды білдіреміз. Батыр бабамыздың есімі берілген білім ошағынан тәлім мен тәрбие алған балалар еліміздің мақтан тұтар азаматы болатынына сенемін, -деді облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы.

Жарқыраған жаңа ғимаратта 21 оқу кабинеті бар, оның 15-і интерактивті тақталармен жабдықталған. Сонымен қатар, 1 смарт кабинет, 2 шеберхана, 2 информатика кабинеті, спортзал, кітапхана және 30 орындық оқу залы, 208 орындық акт залы, 72 орындық асханасы бар. Мектеп сыныптарының безендірілуі де заман талабына сай соңғы үлгіде, ерекше талғаммен жасалған.

Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2022 09:16

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазіргі күнде аталмыш білім ошағында екі ауысымда 435 оқушы білім алуда. Көршілес Жаңатаң ауылынан келетін 41 бала арнайы автокөлік тасымалымен қамтылған. Оқыту аралас тілді жүргізіледі. 293 оқушы қазақ тілінде, 142 оқушы орыс тілінде білім алып жүр. Биылығы оқу жылында 40 оқушы бірінші сыныпқа қабылданып, 45 бүлдірішін мектепалды даярлық тобында тәрбиеленуде. Мектепте 67 педагог еңбек етіп жүр.

Жаңа мектеп біздің көптен күткен арманымыз еді. 2021 жылы білім ошағына Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі атауы берілді. Биыл міне, атамыздың рухы қолдап жаңа мектептің тұсауын кесіп жатырмыз. Мектебіміздің оқушыларының білімге ұмтылысы жоғары. Олар аудандық, облыстық, республикалық білім, өнер спорт сайыстарында жетістіктерімен көрініп, мектеп мерейін асырып жүр, -деп атап өтті бастауыш сыныптың оқу ісі жөнідегі орынбасары Жазира Жұбанова.

Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2022 09:16

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: