БҚО-да мектеп оқушылары Республика күнін атап өту мақсатында диктант жазды
Өңірімізде Республика күнін атап өту тұжырымдамасы аясында республика мен ұлт үшін пайдалы істерге ұлтты ұйыстыру мақсатында бірқатар шаралар жоспарланған. Соның бірі ретінде облыстық білім басқармасының бастамасымен білім беру ұйымдарында диктант жазу ұйымдастырылды. Бірыңғай акцияға өңіріміздегі 2-11 сынып оқушыларына қоса, қала бойынша 50 мың оқушы қатысты. Бұл акция қазақстандықтардың ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатындағы белсенді азаматтық және өмірлік ұстанымының көрінісі ретінде қарастырылады.
Сурет: Орал қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі
Диктант мәтіні оқушылардың сынып ерекшеліктеріне байланысты берілген. Мәтін мазмұны мемлекеттің құндылықтары мен қағидаттарын құрметтеу, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту, Отанын, туған елін сүюге тәрбиелеуді мақсат етті.
Сурет: Орал қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі
Республика күнін мерекелеу аясында облыстың білім ұйымдарында «Егемен елімнің Жасұланымын» патриоттар форумы, мерекеге арналған сурет көрмесі, оқушылар арасында мәнерлеп оқу байқауы, дебат турнирі сынды патриоттық мәні зор шаралар ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ барлық сыныптарда тәрбие сағаттары өтеді.
Сурет: Орал қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі