БҚО-да мәдениет үйі пайдалануға берілді

Мәдениет үйі, БҚО, Ақжайық ауданы, Қабыршақты, жаңа нысан, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2026 17:54 Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Республика күні қарсаңында Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында Қабыршақты ауылдық мәдениет үйі пайдалануға берілді. Салтанатты рәсімге аймақ басшысының орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев, аудан басшылығы мен ауыл тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

БҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 1961 жылы салынған бұрынғы мәдениет үйінің тозығы жетіп, апатты деп танылған. Су жаңа нысанның бой көтеруі ауылдық округтің мәдени өміріне тың серпін бермек. 376 млн теңгенің жобасын "АлТим" ЖШС жүзеге асырды. Жаңа ғимараттағы көрермен залы 100 орынға лайықталған.

Жаңа нысан, БҚО, Ақжайық ауданы, Қабыршақты, мәдениет үйі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2026 17:54

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Аймақ басшысының орынбасары ақжайықтықтарға облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің құттықтауын жеткізді.

"Ауылдың ажары көрікті келбетімен ғана емес, рухани байлығымен де өлшенеді. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа нысанның ел игілігіне берілуі Қабыршақты ауылының әлеуметтік-мәдени өміріндегі айтулы өзгеріс екені сөзсіз. Баршаңызды аймақ басшысының атынан ұлттық мерекемен құттықтай отырып, әр шаңыраққа амандық пен шаттық тілеймін. Мәдениет үйі бірлік пен береке, өнер мен өнегенің ордасына айналғай!", - деді Қайыржан Меңдіғалиев.
Қайыржан Меңдіғалиев, БҚО, Ақжайық ауданы, Қабыршақты, мәдениет үйі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2026 17:54

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ауыл тұрғындары сөз сөйлеп, облыс басшылығы мен игілікті істің басы-қасында жүрген азаматтарға ризашылығын жеткізді. Жиналғандар мәдениет үйін аралап, концерттік бағдарламаны тамашалады. Өнер ұжымына облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің атынан 10 домбыра тарту етілді. Жаңа нысанның ауласына қарағай көшеттері отырғызылды.

Жаңа нысан, БҚО, Ақжайық ауданы, Қабыршақты, мәдениет үйі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2026 17:54

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, кейінгі үш жылда Ақжайық ауданына қарасты Жамбыл, Мерген және Бударин ауылдарында мәдениет үйлері күрделі жөндеуден өтіп, Көнеккеткен ауылында жаңа ғимарат пайдалануға берілді. 2023 жылдан бері өңір бойынша 17 мәдениет нысаны жаңадан салынды.

Мәдениет үйі, БҚО, Ақжайық ауданы, Қабыршақты, жаңа нысан, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2026 17:54

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: