Жаңалықтар тізбегі
0

Министрлік ректор сөзін жоққа шығарды. 400-ге жуық түлек не істерін білмей дал

ЖОО, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2021 23:20 Фото: Zakon.kz
Қызылордада лицензиясынан айырылып, оны қайта қайтарып алған институттың 400-ге жуық түлегі жарты жыл бойы мәселелерін шеше алмай, сан табалдырықты тоздырған

Қызылордадағы Ақмешіт гуманитарлық-техникалық институтын бітірген 400-ге жуық түлектің дипломы жарамсыз болып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ғылым және білім министрлігі оқу орнын "талаптарға сай емес" деп лицензиясынан айырған. Ал студенттердің басым бөлігі ақылы түрде білім алғандарын айтып, қынжылуда, делінген Астана телеарнасының ақпаратында.

Институт түлектері оқу ордасының басшылығына ашулы. Қанша жыл уақытымыз бен қаражатымызды жарамсыз дипломға зая кетірдік деп күйінуде. Соның салдарынан  оларды ешкім жұмысқа алмайтын көрінеді. Нұргүл Жапарованың айтуынша, осы мәселені шеше алмай жүргендеріне жарты жылға  жуықтаған.  

Ректорларына бардық. Бірақ жауап бермейді дұрыстап. Дипломдарымызды тездетіп жарамды етіп берулеріңізді сұраймыз. Жұмысқа тұра алмай жүрміз. Ақмешіт гуманитарлық-техникалық институтының түлегі Нұргүл Жапарова

Ғылым және білім министрлігі оқу орнын "техникалық базасы жарамсыз" деп лицензиясынан айырған. Онымен қоса, оқытушылардың білімі де талапқа  сай келмеген көрінеді.  Ал институт басшылығы, бұл бойынша министрлікті сотта жеңіп, лицензиямызды қайтарып алдық дейді. Олардың айтуынша, сәйкестендіру коды жазылмағандықтан, институт табыстаған диплом жарамсыз деп танылған. Бұл мәселені шешуге министрлік асықпай отыр дейді  институт басшысы.  

Барлық жасалып отырған іс-әрекеттер, білім алушылардың да дипломының жарамдылығы сотпен дәлелденіп тұр. Енді Білім және ғылым министрлігі жеке сәйкестендіру кодын беріп, дипломдарды сәйкестендіруі тиіс. Сот шешімі шығып тұр. Енді біз комитетті күтіп отырмыз. Ақмешіт гуманитарлық-техникалық институтының ректоры Ерлан Шынбергенов

Ал министрлік институт басшысының сөзін жоққа шығарып отыр. Айтуларынша, лицензия мәселесі  сотта әлі қаралып жатыр.

Егер дипломдарыңыз жарамды болсын десеңіз, басқа жоғары оқу орнына барып, сол жерге өтініш білдіруге болады. Сол жерге студенттер қатарына қосылып, сол жерден оқуды аяқтап, дипломдарыңызды жарамды қылуға болады. ҚР БҒМ Сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова

Қазір оқу орнында 600-ден аса студент білім алуда. Оларға қатысты проблема жоқ. Ал бұған дейін 400-дей түлекке берілген Ақмешіт институтының дипломы "жарамсыз болып қала береді", – дейді министрлік өкілі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: