Жаңалықтар тізбегі
0

Мұғалімдерді жұмысқа қабылдаудың жаңа ережесі жарияланды

Мұғалім, оқушылар, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2021 16:18 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа ережелерін жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz

ҚР Білім және ғылым министрі жаңа ережелер сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға әрі ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында арнайы дайындалғанын айтты.

Енді педагогтерді жұмысқа қабылдау жаңа форматта конкурс және нақты критерийлер бойынша жүзеге асатын болады. Айта кеткен жөн, аталған өзгерістер мұғалімдерді жұмысқа орналастыру кезінде ашықтықты қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлықты жоюға және жұмысқа қабылдау кезінде меритократия қағидаларын қамтамасыз етуге бағытталған. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

Сондай-ақ, министр мұғалімдерді жұмысқа қабылдау бұрынғыдай мектеп директорының таңдауы бойынша емес, арнайы байқау арқылы өтетінін айтты.

Бұған дейін нақты ереже болған жоқ, яғни мектеп директоры кімді және қандай көрсеткіштер бойынша жұмысқа қабылдау керектігі туралы өзі шешетін. Бірқатар аймақта сағаттар санын дұрыс бөлмей, үш-төрт мұғалім бір ставкаға қабылданған жағдайлар тіркелді. Мұндай жағдайлар қандай себептерге байланысты орын алатынын болжау қиын емес. Бұдан былай білім беру ұйымдары барлық бос немесе уақытша бос лауазымдарға конкурс өткізетін болады. Бұл шағын жинақты мектептерге қатысты емес. Байқауға біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін мұғалімдер қатысады.Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: