Жаңалықтар тізбегі
0

Мұғалімдер жетіспейтін өңірлерге үздік педагогтер тартылады – ҚР БҒМ

ҚР БҒМ, білім гранттары, үздік педагог, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2022 12:00 Сурет: Zakon.kz
Ол педагогтерге жан-жақты жағдай жасалады. Бұл туралы үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz

Алда қабылданатын шараларға тоқталған Білім және ғылым министрі мұғалімдер жетіспейтін өңірлерге үздік педагогтерді тарту бойынша арнайы бағдарлама әзірленетінін айтты.

Өңірлердегі педагогтердің тапшылығы және білім беру саласында үлкен алшақтық байқалатын өңірлерге талдау жүргізілді. Бұл өңірлерде ЖОО бітірген ең үздік педагогтер тартылады. Осы педагогтерге арнайы қолдау шаралары ұсынылады. Соның ішінде жалақы артуы бойынша тиісті коэффициент белгілеу, тұратын үйінің төлемін өтеу немесе коммуналдық қызметтер төлемін өтеу сияқты ынталандыру шаралары қарастырылуда.ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

Сонымен қатар Аймағамбетов Президенттің 2025 жылға қарай шетелдік 5 жоғары оқу орнының филиалдарын ашу тапсырмасы бойынша жұмыстардың қолға алынғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта елімізде De Montfort Leicester Ұлыбритания университеті филиалы жұмыс істей басады. Халықаралық үлгідегі диплом беріледі. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін Аризона университетіне сенімгерлік басқаруға беру туралы мәселе қарастырылуда. Қазіргі уақытта Аризона университетімен бірге меморандумды жасадық. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

Сонымен қатар білім министрі еліміздің Батыс өңірлерінде екі жетекші шетелдік техникалық университеттің филиалдары ашылатынын және техникалық бағыттар бойынша Ресейдің үздік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу бойынша келіссөздер басталғанын айтты.

Аймағамбетов бұған қоса Техникалық бағыттарға бөлінетін мемлекеттік гранттар саны биыл 60 пайызға дейін ұлғайтылатынын жеткізді.

Жоғары білімге қолжетімділікті арттыру бойынша халық тығыз орналасқан өңірлердің және білім беру саласында үлкен алшақтығы бар өңірлердің түлектері үшін техникалық бағыттар бойынша нысаналы грант бөлу жоспарлануда. Гранттар Қазақстанның жетекші ЖОО-да оқу үшін бөлінетін болады. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

Айтпақшы, қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде міндеттерін өтеу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің балалары да назардан тыс қалмаған. Министр ол балаларға университетте оқуы үшін білім гранттарын беру ұсынылғанын мәлімдеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: