Жаңалықтар тізбегі
0

Мектептер алдағы дүйсенбіде офлайн білім беру форматына қайта көшеді

Офлайн білім беру форматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2022 21:57 Сурет: pixabay
Алдағы дүйсенбіден бастап елдегі барлық мектеп қайта офлайн, яғни дәстүрлі оқуға көшеді. Мұндай шешімді эпидахуалды жан-жақты пысықтаған ведомствоаралық комиссия қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz

Ал түрлі қарсылықтың барын жасырмаған Білім және ғылым министрлігі білім сапасы үшін офлайнға көшуден басқа амал жоқ екенін айтты, делінген КТК телеарнасының жаңалығында.

Осы аптадағы оқытудың өзінде ата-аналардың тарапынан мұны қолдаушылар да бар және бұған қарсылық білдірушілер де бар. Егер біз толығымен онлайнға көшсек те қарсылық болады. Сондықтан бірінші кезекте баланың денсаулығы. Одан кейін – білім процесі. Егер пандемия, коронавирус инфекциясы жалғаса беретін болса, біз ұзақ уақыт бойы балаларды қашықтан оқыта беруіміз мүмкін емес. Оның салдарын көріп те отырмыз. Егер ата-ана баласын мектепте оқытуға жібере алмаса, қашықтан оқыту жөнінде қабылданған ереже бар. Соның негізінде де балалар қашықтан білім ала алады. ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Сапура Төлекова

Осыған дейін Елорда, Алматы және Шымкенттегі оқушылар қашықтан білім алып келген еді. Енді жаңа ереже сәйкес қаңтардың 24-нен бастап олардың сабаққа баруына тура келеді. Алайда салалық министрлік білім беру ұйымдарының жұмыс кестесі белгіленген тәртіп бойынша жүргізілетінін мәлімдеді.

Мәселен, мектепке дейін мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар қызметін әдеттегідей жалғастыра береді. Бірақ ата-аналар баласын жіберуден бас тартса, өтініші міндетті түрде ескеріледі.

Ал бала саны 600-ден аспайтын мектептер толық офлайн форматта оқиды. Егер оқушылардың қатары 600-ден асып кетсе, сабақ кезінде бала саны 50 пайыздан аспауы тиіс. Бастауыш сыныптарға онлайн оқу қиындық тудырғандықтан олардың бәрі офлайнға көшеді.

Ал 5, 11-сыныптарға қатысты мектеп әкімшілігі дербес шешім қабылдай алады. Ата-аналардың өтінішіне сай кейбір пәндер онлайн оқытылуы да мүмкін. Ал колледждер мен жоғары оқу орындары аралас форматта оқиды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: