Мәжіліс депутаты мектептерді карантинге жабу туралы шешімге қарсы шықты

Депутаттық сауал Сурет: pixabay
Мәжіліс депутатттары ірі қала мектептерін карантинге жабу туралы шешімге қарсы шықты. Олар ДДСҰ-ның мәлімдемесінің өзінде оқушылардың тікелей оқуын шектеу ең соңғы қабылданатын шара болуы керек деп көрсетілгенін баса айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутат Ирина Смирнова мектептердің үздіксіз жұмыс істеуі балалардың білімі мен психикалық денсаулығы, әлеуметтік өмірі үшін маңызды екенін айтады. Осы тұрғыда ол министрліктің асығыс шешім қабылдағанына ашулы. Оның айтуынша, бұрын коронавирус өршіп тұрғанда мектептерде сабақ берудің алгоритмі қабылданып, кезекші сыныптар мен топтар жұмыс істеген. Ал қазір ондай да жоқ, делінген КТК телеарсанының жаңалығында

Елорда, Алматы, Шымкенттегі оқушылар қашықтан білім алып жатыр. Өзге қалалардағы мектептерде сабаққа баруға рұқсат берілген. Бұдан өзге балабақша, қосымша білім беру ұйымдарының жұмысы тоқтаған жоқ.

Мәжілісмен депутаттық сауалында білім беру орындарын ашып, онда вирустың белгілері байқалған ұстаздар мен оқушыларды COVID-19-ды анықтайтын жедел-тест арқылы тексеруді ұсынды.

Тек мектептер қауіпті аймақ саналып отыр. Эпидемия кезінде жұмыс істеудің алгоритмі бола тұра, осындай қадамға бардық. Үкіметке мектептерді жапқаннан гөрі, денсаулық сақтау ұйымының кеңесімен келісу керек. Медициналық бетперделермен қамтамасыз етіп, вакциналау қарқынын күшейту керек. COVID-19-ды анықтайтын жедел-тесттерді қолдану аясын кеңейту, оларды тегін қылу және онымен ұстаздар мен оқушыларды тексеру. Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз