107 мың студент колледжде тегін оқитын болды
Сурет: pixabay
2022 жылы колледждерде білім алуға бөлінетін мемлекеттік тапсырыс саны 10 мың орынға артады. Осыған орай ҚР Білім және ғылым министрлігі 107 мың қазақстандық студенттің колледждерде мамандықтарды тегін меңгере алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz
Сонымен қатар биылғы оқу жылында көпбалалы, толық емес отбасынан, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасынан шыққан балаларға бөлінетін квота саны да артты.
Биылғы оқу жылында алғаш рет әлеуметтік осал топ санатындағы балалардың колледждерге түсуі үшін тағы үш квота енгізілді. Квота көпбалалы, толық емес отбасынан, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасынан шыққан балаларға арналған. Бұрын мұндай мүмкіндік жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше қажеттіліктері бар балаларға, сондай-ақ жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға қарастырылған еді. Ауыл жастары да квота бойынша мемлекеттік тапсырысты алады.ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова
Министрлік өкілі білім берудің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік тапсырыстарды «Ақша студенттің соңынан жүреді» қағидаты бойынша орналастырудың жаңа механизмін әзірленгенін хабарлады. Яғни бұған дейін гранттарды колледждер арасында білім бөлімдері орналастырған болса, енді колледждер арасындағы мемлекеттік тапсырыс талапкерлердің таңдауы бойынша бөлінетін болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript