Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда білім олимпиадасы алғаш рет электронды форматта өтеді

Пән олимпиадасы, ҚР Білім және ғылым министрлігі, оқушы, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2022 17:22 Сурет: ҚР БҒМ баспасөз қызметі
Қазақстанда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі басталды. Биыл зияткерлік жарыстар алғаш рет электронды форматта өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz
Олимпиадалардың барлық кезеңі электронды форматта өтеді. Білім және ғылым министрі ҰБТ-ның, олимпиадалардың және т.б. шаралардың ашық түрде өтуіне аса мән береді. Өткен жылы алғаш рет республикалық кезең электрондық форматқа көшірілді. Бірақ аудандық кезеңді өткізу кезінде зияткерлік сайыстардың нәтижелері бойынша ата-аналар тарапынан шағымдар болды, өйткені аудандық және облыстық кезеңдер қағаз түрінде өткізілді. Ол кезде қатысушыларға тапсырмалары бар мөрленген конверт берілді, балалар тапсырмаларды дәптерлерде орындады. Енді оқушылар арасындағы республикалық олимпиаданың барлық турын өткізу процесінің ашықтығы мен шынайылығын қамтамасыз ету үшін жарыстар электрондық форматта өткізіледі.«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешов

 

Ведомство өкілі жаңашылдық олимпиада өткізудің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. Оған 291 ауданнан (қаладан) шамамен 100 мың оқушы қатысады.

Тимур Нұркешовтің мәлімдеуінше, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада прокторинг жүйесін пайдалана отырып, «Oqylyq» платформасы арқылы өтеді. Оқушыларға тапсырмаларды алу үшін жауап бланкісі, жеке логин және пароль беріледі. Олимпиада «1 компьютер – 1 оқушы – 1 камера» принципі бойынша өткізіледі. Бұл ретте жарыстардың бейнежазбасы және тікелей көрсетілімі жүргізіледі.

Аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары республикалық олимпиаданың келесі облыстық кезеңіне қатысады.

Олимпиаданың екінші кезеңі 22 ақпанға дейін жалғасады, үшіншісі – облыстық кезең 2022 жылдың 28 ақпаны мен 5 наурыз аралығында өтеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: