Талапкерлер ҰБТ-да физика емес, информатика пәнінен тест тапсырады
Сурет: Zakon.kz
Келесі оқу жылынан бастап IT-бағыттарына түскісі келетін талапкерлер ҰБТ-да физика емес, информатика пәнінен тест тапсырады, деп хабарлайды Zakon.kz
Білім және ғылым министрлігіне ЖОО-ларда IT-бағыттар бойынша оқығысы келетін талапкерлер үшін ҰБТ тапсыру кезінде бейінді пәндер тізбесіне «информатика» пәнін енгізу туралы көптеген өтініштер түседі екен.
Осыған байланысты министрлік талдау жүргізіп, 2022-2023 оқу жылынан бастап «Информатика мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар» және «Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламалары топтарына түсетін оқушылар ҰБТ-да «математика+физика» орнына «математика + информатика» комбинациясын тапсырады деген шешім қабылдады.
2021-2022 оқу жылында бейіндік пән «физика» болып қала береді, бұл ретте пилот ретінде талапкерлердің таңдауы бойынша биыл осы дайындық бағыттарына (наурыздағы ҰБТ кезінде) түсу үшін «математика +информатика» комбинациясын таңдау опциясы қосымша қолжетімді болады.ҚР Білім және ғылым министрлігі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript