Білім саласында әйелдердің орны қандай

мұғалім, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.03.2022 12:24 Сурет: Zakon.kz
Асхат Аймағамбетов Қазақстандағы әйелдердің білім мен ғылымдағы орны туралы деректер ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жақында өзінің Telegram каналын ашқан. Бүгін бас педагог қыз-келіншектерді мерекесімен құттықтап, білім саласындағы әйелдердің орны туралы айтты.

Министрдің мәліметінше, ғалымдарымыздың жартысынан астамы, яғни 54%-ы –әйелдер.

Докторантурада оқитын студенттердің біразы – әйелдер. Мысалы, 2020 жылы диссертация қорғаған түлектердің 67,5 %-ы әйелдер болған.

Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы (ЭЫДҰ) елдерімен салыстырғанда Қазақстандағы білім беру жүйесі анағұрлым феминизацияланған. Еліміздегі мұғалімдердің 80%-ы әйелдер. ЭЫДҰ сарапшылары көптеген елде әйел мұғалімдердің ер мұғалімдерге қарағанда мамандығын саналы түрде таңдайтынын хабарлады. Мысалы, қазақ ұстаздарының 76%-ы болашақ мамандығын таңдауда мұғалім мамандығына басымдық берілгенін айтқан.Асхат Аймағамбетов

Қыздар да оқу сауаттылығы бойынша (27 ұпайға) және жаратылыстану сауаттылығы бойынша (7 ұпайға) ұлдардан озып, стереотипті бұзды. Жалпы, PISA-2018 екеуінің де білімі бір деңгейде екенін көрсетті.

Тағы бір зерттеудің (TIMSS-2019, IEA) нәтижелері де 4 және 8-сыныптардағы қыздар ұлдарға қарағанда жоғары оң нәтижелерге қол жеткізетінін көрсетті.

Қыздардың басым көпшілігі (68%-дан астамы) келесі бағыттар бойынша жоғары білім алады:

  1. Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат – 79,1%

  2. Өнер және гуманитарлық ғылымдар – 71%

  3. Педагогикалық ғылымдар – 70%

  4. Жаратылыстану, математика және статистика – 68%

Гендерлік теңдік білім беру бағдарламаларының келесі топтарында байқалды:

1. Ауыл шаруашылығы және биоресурстар – 49,5%

2. Бизнес, менеджмент және құқық – 48%

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: