Білім министрлігі 1-сыныпқа құжат қабылдау қашан басталатынын айтты
Құзырлы ведомствадағылар атап өткендей, 1-сыныпқа 6 жасқа толған балалар, сондай-ақ жылдың соңына дейін, яғни 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толатын балалар қабылданады.
2020 жылы министрлік балаларды мектепке қабылдау ережелеріне өзгерістер енгізген. Енді 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау жыл сайын 1 сәуірден 1 тамызға дейін жүргізіледі.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке қабылдау мемлекеттік қызметі толығымен автоматтандырылған. 1-сыныпқа қабылдау eGOV.kz электронды үкімет веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Қандай құжаттар керек?
баланың ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші (электронды түрде толтырылады);
баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
026/у-3 және 063/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжат;
оқушының 3х4 өлшеміндегі екі фотосуреті.
Өңірлердегі білім басқармалары әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы ата-аналар арасында балаларды мектепке қабылдау ережелері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.ҚР БҒМ баспасөз қызметі
Биыл 400 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады деп күтіліп отыр.