Асхат Аймағамбетов енді мектеп бітіруші түлектерге тілегін хат түрінде жолдайды

мектеп, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2022 15:04 Сурет: Zakon.kz
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Telegram-дағы каналында шетелде танымал түлектерге арналған commencement speech, яғни түлектерге арналған тілек сөз туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Мектеп бітіруші түлектер үшін маңызды және көңіл толқытатын кезең жақындап келеді» деп жазды министр.

Бірқатар елде түлектерге арналған commencement speech (түлектерге арналған тілек сөз – ред) деп аталатын дәстүр бар. Кейінгі екі жыл бойы мен оны бейне форматта жазып жүрмін. Осындай ерекше дәстүрді биыл да жалғастырамын. Бірақ осы жолы оны түлектерге хат ретінде жолдаймын. Ол хат барлығына жіберіледі және түлектер ол жерден өзіне пайдалы ақпаратты таба алады деп ойлаймын. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

Ал әзірше бас педагог былтыр Талап ауылындағы мектепте айтқан тілегінің видеожазбасын бөлісті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: