Қазақстан мектептерінде кейінгі екі жылда алғаш рет соңғы қоңырау жиыны өтеді

Мәжіліс алаңында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биыл еліміздегі барлық оқушыларға мектеп бітіру рәсімі өтетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ештеңе өзгермесе, мектеп оқушылары үшін 25 мамырда Соңғы қоңырау салтанатты рәсімі болады деп жоспарлап отырмыз.Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов
Министрдің сөзіне қарағанда, соңғы қоңырау барлық мектеп оқушылары үшін соғылады.
Коронавирус пандемиясы басталғаннан бері оқу жылының аяқталуына байланысты мектептегі салтанатты жиындар тек 9 және 11-класс түлектері үшін өткізіліп келді. Ал басқа сынып оқушылары үшін сынып сағаттары онлайн режимде өткен еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript