Жаңалықтар тізбегі
0

Білім министрлігі енді оқу орындарынан студенттердің сынақ кітапшасын талап етпейді

студент, ЖОО, университет, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2022 13:51 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарына министрлік күшін жойған есеп берудің қағаз түріндегі жеке түрлерін жасамай, жұмыс үрдісін цифрлық жүйеге толық көшуді ұсынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың тапсырмасы бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарының есеп беру құжаттарының тізімі қысқартылды.

Осылайша 11 есеп бланкілері қысқартылды. Оның ішінде студенттердің есеп кітапшалары, әртүрлі қағаз түріндегі бағалық дәптер және тағы басқалары бар, - дейді Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Министрлік ЖОО-лардың есеп беру құжаттарының бірқатарын қысқартты:

  • Оқытушылардың әр айдағы сабақ беру уақытының жазбасы (сағатпен және (немесе) кредитпен).

  • Оқытушылардың жыл бойына сабақ берген уақытының жазбасы (сағатпен және (немесе) кредитпен).

  • Емтихан парағы (оқушыларды аралық аттестаттау үшін).

  • Студенттерді қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы.

  • Білім алушылардың қорытынды аттестаттау емтихандарын (жеке) тапсырғаны туралы қорытынды аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасы.

  • Біліктілік беру бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы (жиынтық).

  • Студенттің бітіру жұмысын (дипломдық жұмыс жобасын (жұмысын)) қарау үшін қорытынды аттестацияны өткізу жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы.

  • Емтихан парағы.

  • Кафедраның жұмыс жоспары.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: