Венгрия университеті қазақстандық студенттерге мүмкіндік беруге дайын

Венгрия елшісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2022 15:58 Сурет: Білім және ғылым министрлігі
Венгрияның Қазақстандағы елшісі Отто Иван Рон Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Білім және ғылым министрлігі мен Венгрияның адам ресурстары министрлігінің келісімдерінің нәтижесінде Мажар тарапы «Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасы шеңберінде қазақстандықтарға жыл сайын 250 білім грантын бөледі.

Елші кездесуде қазақстандық студенттер мен мектеп оқушылары тәртібімен, ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгеру көрсеткішімен және жақсы білімімен ерекшеленетінін айтты.

Отто Иван Рон Венгрия университеттері тіпті қазақстандық студенттер үшін таласып жатқанын айтты. Мысалы, елші Аграрлық ғылымдар университетінің ректорынан хат алыпты. ЖОО-ның басшысы стипендия аясында қазақстандық студенттердің санын тағы 30 адамға дейін ұлғайтқысы келетінін жазыпты.

Біздің жоғары оқу орындары тарапынан қазақстандық студенттер үшін бәсеке бар, – деді Венгрияның Қазақстандағы елшісі.

Ал бас педагог Асхат Аймағамбетов археология, тарих және ядролық физика саласында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мүмкіндіктері туралы сөз қозғады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: