Жаңалықтар тізбегі
0

Аймағамбетов тарих пәні жаңаша оқытылатынын мәлімдеді

ҚР Білім және ғылым министрлігі, тарих пәні, өзгеріс, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2022 11:36 Сурет: Zakon.kz
Жоғары оқу орындарында қазіргі «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының» орнына «Қазақстан тарихы» пәні оқытылады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр осыған дейін Петропавлда тарих пәні мұғалімдерінің съезі өткенін атап өтті.

Съезге қатысушылар үлгілік оқу бағдарламалары мен оқулықтардың мазмұнын жетілдіру, сонымен бірге оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау, жоғары оқу орындарында тарих пәні мұғалімдерін даярлау және мұғалімдердің біліктілігін арттыру мәселелерін жан-жақты және ашық талқылады.

Тарихшылар мынадай ұсыныстарды көтерді:

  • 5-сыныпта Қазақстан тарихынан бұрын мектеп бағдарламасында болған және осы жастағы оқушылардың түсінігіне қолжетімді тақырыптарды қайтару;

  • «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқу бағдарламасы мазмұнын жаңарту. Қазір Қазақстан тарихының негізгі курсы 9-сыныпта аяқталса, 10-11-сыныпта негізінен проблемалық сұрақтар оқытылады. Осыған байланысты мұғалімдер мен ғалымдар 6-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі тарихты толыққанды зерттеуді ұсынды;

  • Материалды сынып бойынша бөлуді өзгерту. Мысалы, 6-сыныпты алып қарайық. 2016 жылдан бері бір ғана 6-сыныптың бағдарламасы 12 ғасырға жуық уақытты қамтыды.

Министр бұл ұсыныстар бағдарламаларды жаңарту жөніндегі сарапшылар тобында қосымша қаралатынын айтты.

Министр бұған дейін нақты қабылданған шешімдерге тоқталды:

  1. Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы оқулықтары енді еліміздің барлық мектебі үшін бірыңғай және базалық болады.

  2. Жоғары оқу орындарында қазіргі «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының» орнына «Қазақстан тарихы» пәні оқытылады, яғни бағдарлама тарихтың басқа да кезеңдерін, дәлірек айтқанда, ежелгі, орта ғасырлар және жаңа заманды қамтиды.

  3. Енді ғылыми бағытта білім алған тарихшылар қайта даярлау курстарынан өтіп, кейін мектепте сабақ бере алады.

  4. Бағалау бойынша өзгерістер енгізіледі. Қорытынды аттестаттау бұрынғыдай жазбаша ғана емес, ауызша және жазбаша түрде өткізіледі. Жиынтық бағалау мұғалімнің қалауы бойынша ауызша немесе жазбаша түрде жүргізілуі мүмкін.

  5. Петропавлда Ә. Марғұлан атындағы Археология институты, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты сияқты ҒЗИ филиалдары ашылып жатыр. Бұл институттар осы оңірлерде ауқымды археологиялық зерттеулер ұйымдастыратын болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: