Жаңалықтар тізбегі
0

Аймағамбетов тағы да ҰБТ жайын сөз қылды

ҚР Білім және ғылым министрі, Ұлттық бірыңғай тестілеу, ҰБТ, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2022 14:57 Сурет: ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке мектеп бітірушілерге арналған Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) туралы тағы да сұрақ қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Мен өзім ҰБТ-ның жанкүйері емеспін. Дегенмен, бұл университеттерге түсудің барлық мүмкіндіктерінің ең жақсысы. Бүгінде бұл процедураны қалай жақсартуға болатынын ойлануымыз керек деп есептеймін. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

Білім министрлігінің басшысы қазір мектеп бітірушілер ҰБТ-ны электронды форматта тапсырып жатқанын еске салды.

Оның үстіне, біз түлектердің жоғары оқу орындарына бұрынғыдай жазда емес, қыста түсуіне мүмкіндік жасадық. Шартты түрде, егер студент қаңтар айында бірінші ақылы ҰБТ тапсырып, шекті балл алса, бірден университетке құжаттарын тапсырып, шартты түрде оқуға түсе алады. Бүгінгі таңда эмоциялық қысымды азайтуға қажетті шаралар қабылданып жатыр. Асхат Аймағамбетов

Министр тек ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында тестілеуден өту шарттарының күшейтіліп жатқанын түсіндірді. Мәселен, 2019 жылы 117 мың ҰБТ тапсырушыдан 128 мың тыйым салынған зат табылса, 2020 жылы 122 мың түлектен 2,5 мыңға жуық осындай зат табылған.

ҰБТ-да тыйым салынған заттар: шпаргалка, Менделеев кестесі, калькулятор, ұялы байланыс құралдаы, рация, трекерлер, бейнекамералар, фотоаппараттар, планшеттер, ноутбуктер, модемдер, плеерлер, құлаққаптар, ақпарат алмасу құрылғылары.

Заңның аты – заң . Қазіргі таңда ҰБТ-да тыйым салынған заттардың саны жүздеген есеге азайды. Қазір біз орта есеппен мыңға жуығын анықтап жатырмыз.Асхат Аймағамбетов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: