БҒМ: Мектептерде 9 мамыр – Жеңіс күніне орай жиын өткізу жоспарланбаған

Жеңіс күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2022 22:09 Сурет: Zakon.kz
ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі биыл мектептерде Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай жиын өткізу жоспарланбағанын жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Мектептерде 7 және 9 мамырда аталып өтетін мерекелер қарсаңында патриоттық тәрбие беру, соғыс ардагерлерінің жеңіске қосқан үлесі, Отанға деген сүйіспеншілік, ізгілік, бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығы тақырыптарында сынып сағаттары өткізіледі. Мектептерде 9 мамырға арналған жиын өткізу жоспарланып отырған жоқ», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, аталған ведомстводан әскери киім мен атрибуттарды қолданып, театрландырылған көрініс қоюдың қажет еместігі айтылады.

«Білім беру ұйымдарына осы мәселе бойынша ұсыныстар жіберілді», делінген баспасөз қызметі хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: