Қазақстанда тағы 40-қа жуық ПМПК орталықтары ашылады

Қазақстанның өңір-өңірінде тағы 40-қа жуық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар орталығы ашылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Білім министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында жазды.
Мәжілістің жалпы отырысында тағы бір маңызды норма қабылданды. Мәселе бір ПМПК (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар) ашу нормативін 60-тан 50 мың балаға дейін өзгерту туралы болып отыр. Яғни қазіргі күні 87 ПМПК жұмыс істеп тұрса, енді еліміздің барлық өңірінен қосымша тағы 40-қа жуық ПМПК ашылады. Бұл кезектілік мәселелерін шешуге әсер етіп, балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ерте анықтауға және сапалы бағалауға септігін тигізеді, деп жазды министр желіде.
Айта кетсек, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Президент Үкіметке осы мәселе бойынша шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Балалар жылы аясында өзекті және ұзақ уақыт бойы шешімін таппаған мәселелерді шешуге бағытталған бірқатар жаңа бастама іске асырылады.
ПМПК орталықтарының мақсаты - мүмкіндігі шектелген балаларды анықтау, олардың даму ерекшеліктерін психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру, 0-ден 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектелген балаларды есепке алу, диагноз қою, баланың арнайы қажеттіліктерін анықтау және оның медициналық, арнайы білім, арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге берілген құқығын белгілеу.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript