Жаңалықтар тізбегі
0

Жасөспірімдердің көбі дәрігер мамандығын таңдайды – Аймағамбетов

ҚР Білім және ғылым министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2022 09:40 Сурет: Zakon.kz
ҚР Білім және ғылым министрі қазақстандық жасөспірімдердің кәсіптік бейімділігін атады. Оның айтуынша, Қазақстанда жасөспірімдердің жартысынан көбі кең таралған мамандықтарды таңдаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зерттеудің барлық үш циклінде мансаптық таңдаудың алдыңғы қатарында дәрігер мамандығы тұр. Мысалы, жалпы тәжірибелік дәрігер PISA-2022 (9%), PISA-2015 (10%) және PISA-2018 (5%) зерттеуінде ең жиі таңдалған.

Министрдің айтуынша, жасөспірімдердің педагог мамандығына қызығушылықтары айтарлықтай артқан.

Менің ойымша, бұл - біздің мұғалім мәртебесін көтеруге бағытталған жұмысымыздың нәтижесі. Зерттеудің үш циклі ішінде осы мамандыққа қызығушылық танытқан оқушылардвң үлесі екі есеге немесе 5%-ға өсті. Атап айтқанда, осы мамандықты таңдау бойынша PISA-2015 зерттеуінде 7-орын болса, ал PISA-2022-де 2-орынға дейін көтерілді. 2022 жылы оқушылардың 9%-ы «Жалпы білім беретін мектептегі мұғалім» мамандығын болашақ мамандығы ретінде таңдады.Асхат Аймағамбетов

Министр PISA-2022 зерттеуінің қорытындысы бойынша таңдаулы мамандықтардың алғашқы ондығына АКТ мамандықтары кіреді деп күтіліп отырғанын айтты.

Сонымен қатар жиі таңдалатын мамандықтардың ондығына жаңа мамандықтар енді.

  • «Стоматологтар» (4%)

  • «Тауарлар мен киім дизайнерлері» (3%)

  • «Ғимараттар мен құрылыстардың сәулетшілері» (3%)

  • «Спорт жаттықтырушылары, нұсқаушылары және спорт саласындағы мамандар» (2%)

  • «Психологтар» (2%)

  • «Косметологтар және олармен байланысты мамандар» (1%)

  • «Жарнама және маркетинг саласындағы мамандар» (1%)

  • «Графикалық және мультимедиялық дизайнерлер» (1%).

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: