Павлодар облысында оқушыға тұншықтыру тәсілін қолданған ұстазға сөгіс жарияланды
Сурет: Zakon.kz
Оқыс оқиға 13 мамырда Тереңкөл ауданындағы Береговое ауылының мектебінде «Туристический слет» жалпымектептік шарасы кезінде орын алды. Қолынан ұрып жіберген оқушыға мұғалім осылайынан реакциялық жауап қатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іnstagram-дағы парақшалардың бірінде Тереңкөл ауданының Береговое ауылының мектебінде әскери дайындық жөніндегі мұғалімнің оқушыға тұншықтыру тәсілін қолданғаны туралы арыз хат жарияланды.
Тереңкөл аудандық білім бөлімінің басшысы Жайнат Біләлова болған жайтқа қатысты мектеп әкімшілігі оқушының ата-анасының қатысуымен кездесу өткізгенін және ата-анасының бұл мұғалімге шағымдары жоқ екенін жеткізді.
«Туристік слет» спорттық ойындарын өткізген кезде мұғалім 8 «Б» сынып оқушысына ойын ережелерін сақтамағаны үшін ескерту жасаған, ал ол ескертуге дөрекі жауап беріп, мұғалімнің қолынан қағып жіберген. Мұғалім оқушыны мойнынан алып, өзіне қарай тартқан. Мектептің әдеп жөніндегі кеңесімен мұғалімнің мінез-құлқы қарастырылды, хаттамасы бар. Тереңкөл аудандық білім бөлімінің басшысы Жайнат Біләлова
Оның айтуынша, білім бөлімінің бұйрығымен Береговое мектебінің директорына қатаң сөгіс және мектеп директорының бұйрығымен АӘД мұғаліміне тәртіптік жаза - қатаң сөгіс жарияланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript