Жаңалықтар тізбегі
0

Қыркүйектен бастап елімізде 1-сынып оқушылары шет тілін оқымайды

мектеп оқушысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2022 14:48 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда мектеп оқушылары үшінші сыныптан бастап шет тілін меңгере бастайды. Зерттеулер бірінші сынып оқушысына үш тілді қатар меңгеру қиын екенін көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бастауыш сыныпта «Шетел тілі» пәнін балалар үшінші сыныптан бастап оқи бастайды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов басылымдардың біріне берген сұхбатында айтқан еді.

Зерттеулер мен талдаулар жүргізгеннен кейін біз бірінші сынып оқушысына бірден 3 тілді меңгеру қиын екенін көрдік. Бұл – тиімсіз. Біз бұл мәселеге қатысты шешім қабылдадық. Енді қазақ тілінде оқитын мектептерде 1-сынып оқушысы бір ғана тілді, яғни қазақ тілін меңгереді. Біз баланың алдымен өз ана тілінде оқуды және жазуды үйренуі үшін тиісті жұмыс жүргізіп жатырмыз. Екінші сыныпта бағдарламаға орыс тілі, үшінші сыныпта ағылшын тілі қосылады. Орыс тілінде оқитын мектептерде 1-сыныпта орыс тілі мен мемлекеттік тіл, ал 3-сыныптан бастап ағылшын тілі болады. Әдістеме тұрғысынан алып қарағанда, бұл – дұрыс бағыт. Мұндай зерттеулер мен ұсыныстар бұрын да болған, сол себепті оны енгізуді жоспарлап отырмыз.Асхат Аймағамбетов

Сонымен қатар жаңа оқу жылында математика пәнінің оқу жүктемесі 1 сағатқа, 2022-2023 оқу жылында бірінші сыныптарда және келесі оқу жылында екінші сыныптарда оқу жүктемесі ұлғайтылады. Бұл туралы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Мадина Тыныбаева айтты.

1-2-сыныптардағы математика сабақтары күн сайын өткізіледі. Бұл оқушылардың математикалық сауатын арттыруға көмектеседі.Мадина Тыныбаева

Өзгерістер «Көркем еңбек» пәніне де әсер етті, ол екі пәнге бөлінеді: «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері».

Сонымен қатар алдағы оқу жылының оқу-тәрбие үрдісінің бір ерекшелігі – 5-11 сыныптарда «Патриотизм және жаһандық құзыреттіліктер» жалпы атауымен курстың енгізілуі.Мадина Тыныбаева
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: