«Құрлысшылармен түнеген». Қызылордада балалардың жазғы лагерінде шу шықты
Балалардың спорт, ойын алаңы деген атымен жоқ. Ал 10 күнге арналған тегін жолдамамен оқушыларды облыстық білім басқармасы қамтамасыз еткен. Желіде тараған видеоны Нұргүл Жұмабекова ұялы телефонына түсіріп алған. Оның айтуынша, тынығу лагерінде балалардың демалуына жайлы жағдай жоқ. Оқушылар шаң-тозаңның ортасына ұйықтап, лас бассейнге суға түскен. Ал ішінен киім-кешектерін салатын бір де бір сөре таппадым дейді ол. «Ең сорақысы жасөспірімдер құрылысшылармен бір ғимаратта түнеген» деп ашулы ата-ана, делінеді Астана телеарнасының сюжетінде.
30 шақты бала бар десем аз айтпайтын шығармын. Ол балалар 10 күн ана жерде жатқанда жағдайы не болады оның? Сырт адамдармен бірге жатыр. Құрлысшылар екенін білмейді, үлкен адамдар жатты үшінші қабатта дейді. Сыртта өзбек адамдар қайда жатты десем, "киіз үйде жатады деп айтты апайлар", - дейді. Нұргүл Жұмабекова, ата-ана
Нұргүл лагердің асханасын түсіре алмапты. Алайда онда түнеген бір күнде баласы аш қалған. Оқушыларды мұндай тегін жолдамамен білім басқармасы қамтамасыз еткен. Шиелінің Бірлестік ауылынан көпбалалы отбасынан шыққан төрт бала барған екен. Ата-анасы мән-жайға қаныққан соң оларды лагерден алып кетіпті. «Сыр төресі» тынығу лагерінің басшылығы болса, түсірілім тобын ішке кіргізуден бас тартты. «Сыр төресі» лагері мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сай өткізілген конкурстан жеңімпаз болып танылған. Бірақ ғимараты толық бітпеген, спорт, ойын алаңы жоқ, демалыс орнының қандай негізде ұтқандығы ата-аналарға жұмбақ болып отыр. Ал білім басқармасындағылар әлеуметтік желіге былай деп жазба қалдырған:
Бүгінгі күні «Сыр төресі» жеке лагерінің келісім-шартта көрсетілген талаптарды орындамауына байланысты екіжақты келісім шартты бұзу жұмыстары жүргізіліп жатқандығын жеткіземіз. Сонымен қатар, аталмыш лагерден барлық балалар қайтарылып, олар тиісінше жазғы тынығумен қамтамасыз етілетін болады. Қызылорда облыстық білім басқармасы
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кешелі бері аудандардағы жазғы тынығу лагерін аралап жүр. Ал қаланың қақ ортасындағы мынандай сұмдық жағдай оның назарынан тыс қалған сыңайлы.