Жаңалықтар тізбегі
0

Президент «АртСпорт» жобасы туралы: Қаржыны ашықтан-ашық жымқыру басталды

Артспорт, президент, тегін үйірме, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2022 12:05 Сурет: pixabay
Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы қосымша спорттық және шығармашылық білім беру ісіне мемлекеттен қаржы бөлінетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент, қосымша білім беру – өскелең ұрпақтың қарым-қабілетін дамыту үшін қолға алынған бастама болғанын айта келіп, қосымша спорттық және шығармашылық білім беру ісіне мемлекет тапсырысы бойынша қаржы бөлу үйірмелер мен секцияларға қатысатын балалардың санын 70 пайызға дейін арттырғанын тілге тиек етті.

Мұны стратегиялық тұрғыдан дұрыс шешім болды деп санаймын. Дегенмен, жоба іске қосылған жылы бірқатар олқылықтарға жол берілді. Яғни, қаржы мәселесіне және тиісті порталдың («Артспорт») жұмысына қатысты қателіктер болды. Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент қаржыны артық жұмсау, алаяқтық, ашықтан-ашық жымқыру басталғанын сынға алып, мұндай теріс пиғыл басқа балалардың жолын кесіп отырғанына тоқталды.

Кемшіліктің бәрін түзетіп, осы игі бастаманы жалғастыру қажет.Әкімдіктер және мәслихаттар қосымша білімге бөлінетін бюджет қаражаты жетпей қалуы мүмкін деп алаңдап отыр. Білімге салынған қаражат – мемлекет үшін ең басты инвестиция болуы керек. Бұл – өте маңызды мәселе. Түптеп келгенде, дамудың бірден-бір жолы – білім саласы. Сондықтан, бұдан ешкім ұтылмайтыны сөзсіз. Үкімет пен әкімдер жұртшылықпен бірлесіп, жобаны жетілдіруге тиіс.Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: