Оқу-ағарту министрі қандай кітаптар оқиды
Сурет: pixabay
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Zakon.kz-ке берген сұхбатында қазір қандай кітаптар оқып жүргенін, сонымен қатар мектеп кітапханаларына балалар қызығатын әдебиет керек екенін айтты.
Zakon.kz министрден кейінгі уақытта қандай кітап оқығанын сұрады. Асхат Аймағамбетов жақында Митио Какудың «Ақыл-парасаттың болашағын» оқығанын айтты. Сонымен қатар ол Эрих Мария Ремарктың «Лиссабондағы түнін» қайта оқып шығыпты.
Ремарктың «Лиссабондағы түнін» алғаш оқығаныма 10, тіпті 15 жыл болды. Бірақ осы жолы оқығанда мүлдем басқа әсер алдым. Маған Гарвард профессоры Майкл Санделдің меритократияның тираниясы туралы кітабы ұнады. «Қара жәшік қағидасы» кітабын да айта аламын, – деді Асхат Аймағамбетов.
Бас педагог кітап оқуды бәріне ұсынатынын айтты. Сонымен қатар қазір министрлік балаларды кітап оқуға баулу үшін қандай шаралар қабылдап жатқанын да жеткізді.
Кітап оқуды барлығына кеңес етемін. Айтпақшы, қазір біз балаларды оқуға белсенді түрде баулып жатырмыз. Барлық мектепте «Оқитын мектеп» жобасын іске қостық. Кітапханаларымызды жаңартып, көркем әдебиеттер сатып алып жатырмыз. Тек былтырдың өзінде 2 миллионға жуық кітап сатып алдық.Оқу-ағарту министрлігі
Министрдің сөзінше, мектеп кітапханасындағы әдебиет қызық болуы керек.
Мысалы, «Хәрри Поттер» мектеп кітапханасында болмауы керек деп кім айтты? «Менің атым Қожа», «Робинзон Крузо», «Пеппи Ұзын шұлық», «Карлсон», «Нарния хроникасы», «Тарзан», «Фаренгейт бойынша 451 градус», Әзімов, Момышұлы, Стругацкийдің кітаптары мектеп кітапханасында болуы керек. Балаларымыз осы мәдениетпен де танысуы керек.Асхат Аймағамбетов
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript