Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде тамыз айындағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

ҰБТ, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2022 12:39 Сурет: Ұлттық тестілеу орталығы
Тамыздағы ҰБТ-ға қатысуға өтініштерді қабылдау 25 шілдеде басталып, 30 шілдеге дейін жалғасады. Ұлттық тестілеу орталығының сайтында тіркелуге болады. Тестілеудің өзі 10-13 тамыз аралығында өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тамыздағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлердің тестілеуді қайта тапсырып, жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу мүмкіндігіне ие болу үшін өткізіледі. Тіркелу кезінде тестілеушілер емтихан өтетін орынды, күні мен уақытын таңдайды.

Бұл ҰБТ-ға мына тұлғалар қатыса алады:

  • қалауы бойынша ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері;

  • -ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері;

  • -ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін мен шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар;

  • -ЖОО-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғаларды күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін;

  • -ЖОО-ға ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар;

  • -ЖОО-ға ақылы негізде басқа білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: