Жаңалықтар тізбегі
0

Биыл 400 мыңға жуық бала 1-сыныпқа барады

мектеп оқушылары, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2022 13:23 Сурет: Zakon.kz
Бүгінде балаларды бірінші сыныпқа қабылдауға 390 мыңға жуық өтініш түсті. Оның ішінде балалардың 70%-ы мемлекеттік тілде оқуды таңдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Балаларды қазақ сыныптарына қабылдау бойынша жоғары көрсеткіш Қызылорда (89,7%), Батыс Қазақстан (85,4%), Маңғыстау (87,6%) және Жамбыл облыстарында байқалады.

Жаңа оқу жылында 405-410 мыңға жуық бала 1-сыныпқа барады деп болжанып отыр.

Бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау 1 сәуірде басталған еді. Ал құжаттарды қабылдау мерзімі 2022 жылғы 1 тамызда аяқталады. Одан кейін мектептерге сыныптарды қалыптастыруға сапалы дайындық жұмыстарын жүргізуге және оқу үрдісін ұйымдастыруға уақыт беріледі.

1 сәуірден бастап 4 ай бойы БАҚ-та да, әлеуметтік желілерде де 1 тамызға дейін құжаттарды тапсыру қажет екені туралы хабарлап келеміз. Әлі өтініш беріп үлгермегендер 1 тамызға дейін құжат тапсыра алады. Қазір көптеген мемлекеттік білім беру қызметі электронды форматта қолжетімді. Сол себепті egov.kz веб-порталы арқылы өтініш жіберуге болады. Сонымен қатар ата-аналардың өтініші бойынша құжаттарды дәстүрлі қағаз форматында да тапсыру мүмкіндігі бар.Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: