Ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орны оқытушыларының еңбекақысы жаңаша есептеледі
![Ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орны, университет, еңбекақы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2022 10:47](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-ddc34ccc-58ac-407a-bcf1-c5be8bced125/800x451.webp)
Атап айтқанда, арттыру коэффициенті заңнамада айқындалатын Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы Сот төрелігі академиясын қоспағанда, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамының және басшы жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақылары лауазымдық айлықақылардың белгіленген мөлшерлеріне 1,2 арттыру коэффициенті есепке алынып айқындалады.
Бұл ретте ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, денсаулық сақтау саласындағы ерекше мәртебесі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамының және басшы жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақылары лауазымдық айлықақылардың белгіленген мөлшерлеріне 1,75 арттыру коэффициенті есепке алынып айқындалады.
Ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, мәдениет және өнер саласындағы ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамының және басшы қызметкерлерінің лауазымдық айлықақылары лауазымдық айлықақылардың белгіленген мөлшерлеріне 3,5 арттыру коэффициенті есепке алынып айқындалады.
Қаулы 2022 жылғы 19 тамызда күшіне енеді және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.