Жаңалықтар тізбегі
0

Мектептерде жоғары жылдамдықты интернет мәселесі әлі де бар – министр

интернет, компьютер, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2022 14:39 Сурет: pixabay
Егер мектептерде жоғары жылдамдықтағы интернетті қосудың техникалық мүмкіндігі болса, онда бұл жұмыс оқу жылы басталғанға дейін аяқталуға тиіс. Бұл туралы Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел кеңес барысында жаңа оқу жылына 6 936 мектеп, оның 99%-ы немесе 6 924 мектеп интернет желісіне қосылғаны айтылды.

Оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясовтың айтуынша, 6924 мектептің 5773-інде немесе 83%-ында интернет жылдамдығы 8 Мбит/с-тен 200 Мбит/с дейін, 1151 мектепте немесе 17%-ында интернет жылдамдығы 8Мбит/с-ден төмен.

Оның айтуынша, мектептердегі компьютерлік техникаға да ревизия жүргізілген. Мәселен, бүгінде білім беру ұйымдарында 3,3 миллион оқушыға 961 мың компьютерлік техника, оның ішінде 503 855 компьютер, 388 397 ноутбук, 69 211 планшет бар.

Мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мәселесіне келсек, әлі де сұрақтар бар. Шалғайдағы шағын елді мекендердегі мектептерде интернетке қосылу мәселесі бар. Бірақ техникалық мүмкіндіктері бола тұра жергілікті бюджеттен қаржы жеткіліксіз болғандықтан жоғары жылдамдықты интернеті жоқ оқу орындары да кездеседі. Оқу жылына дейін уақыт бар. Интернетке қосылу жағынан динамика жаман емес. Дегенмен 1 қыркүйекке дейін барлық мәселе шешілуі керек. Егер техникалық мүмкіндік болса, онда мектептер қалаған тарифтік жоспарға ауысып, жоғары жылдамдықты интернетке ауысуы керек.Білім министрі Асхат Аймағамбетов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: