Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды
Гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін 80 мыңға жуық талапкер құжат тапсырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 мыңға артық.
Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Комиссия құрамында министрліктің, мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы, БАҚ, Қазақстанның азаматтық альянсы және қоғамдық ұйым өкілдері болды.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, бірнеше жыл қатарынан талапкерлердің таңдауы өзгеріссіз қалып отыр. Яғни өтініштердің көбі «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» мен «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» сияқты бағыттарға берілді. Бір гранттық орынға ең үлкен конкурсболашақ мұғалімдер, тіс дәрігерлері және инженерлер арасында болды.
Еске сала кетейік, биыл әлеуметтік осал санаттағы балаларға бөлінген грант саны артты, яғни көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сонымен қатар ерекше білім беру қажеттігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан талапкерлер грант алуда басымдыққа ие болды.
Жоғары оқу орындарына құжаттарды тапсыру 25 тамызға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің есімдерін мына жерден көре аласыз.