Назарбаев университеті студент қыздың мәлімдемесіне жауап қатты
![Назарбаев университетіндегі зорлық-зомбылық, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2022 22:27](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-16dd33a5-b9b5-4fd2-bee7-ada44a80bf9e/800x451.webp)
Назарбаев университетінің баспасөз қызметі білім беру мекемесінің басшылығы жағдайды түсіну үшін тергеуге жан-жақты көмек көрсететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Назарбаев университетінің студенті айтқан, тексеруді талап ететін сексуалдық сипаттағы құқық бұзушылық жағдайлары туралы ақпарат бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының полиция басқармасы тиісті процессуалдық әрекеттерді жүргізіп жатыр. Университет кез келген зорлық-зомбылық әрекетіне мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанады және тергеуге жан-жақты көмек көрсетеді.Назарбаев университетінің баспасөз қызметі
Еске салсақ, әлеуметтік желілерде жас қыз Назарбаев университетінің оқытушылары мен техникалық қызметкерлер тарапынан болған бірнеше жәбірлеу және зорлау фактілерін білетіндігін, сондай-ақ жоғары курста оқитын студент қыздар төменгі курста оқитын қыздарды қудалайтыны туралы бейне хабарлама таратты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript