Атырауда әлімжеттік көрген бастауыш сынып оқушылары сабаққа барудан бас тартты

Атырау, бастауыш сынып оқушысы, әлімжеттік, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2022 09:41 Сурет: Zakon.kz
Атырауда №25 мектептің 4-сынып оқушылары әлімжеттікке шағымданып, сабаққа барудан бас тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар ата-аналарына жоғары сынып оқушылары қорқытып, ақша жинап, құрғақ ұнтақ жеуге мәжбүрлегенін айтқан.

"Мой город" порталының жазуынша, ата-аналар бұл жөнінде оқушылар уланған соң ғана білген.

Полиция бұл ақпаратты тексерді. Балалардан ата-аналарының қатысуымен жауап алынды. Есірткіге сараптама жүргізілді.

Ұнтақ психотроптық зат емес және адам ағзасына зиян келтірмейді. Ол тез дайындалатын құрғақ сусын болып шықты.Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: