Қазақстан ғалымдары мен оқытушыларына мемлекеттік наградалар табысталды
Мемлекет басшысының қолдауының арқасында ғылым саласында заңнамалар жетілдіріліп, қаржыландыру екі есеге артты, стипендиялар өсті. Жас ғалымдарға, оның ішінде жоо ғалымдарына жан-жақты қолдау көрсетіліп, ұлттық ғылыми-зерттеу институттарының материалды-техникалық базасы жаңартылып жатыр. Сондай-ақ ғалымдар жетекші ғылыми орталықтарға тәжірибеден өтуге жіберіледі, ғылым саласындағы бюрократияны тоқтату бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Сіздер жоғары білім мен ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қосып жатырсыздар. Алғысымды білдіре отырып, сіздерге табыс тілеймін. Саясат Нұрбек
Атап айтсақ, "Парасат" орденімен:
"Нархоз университеті" КеАҚ профессоры Ұзан Ысқақов; профессор, Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының директоры Александр Сидорович марапатталды.
"Құрмет" орденімен:
"Физика-техникалық институты" ЖШС бас ғылыми қызметкері Болат Мұқашев; "Павлодар педагогикалық университеті" КЕАҚ Гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебінің профессоры Зифа Темірғазина; "Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті" КЕАҚ ғылыми-зерттеу зертхана меңгерушісі Құрманбек Жантасов; "Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті" КЕАҚ аға оқытушы Ибадулла Таутенов марапатталды.
"Ерен еңбегі үшін" медалімен:
"Зоология институты" ШЖҚ Биоценология және аңшылықтану зертханасының меңгерушісі Константин Плахов; "Е.А. Бөкетов атындағы Карағанды университеті" КЕАҚ Физика және нанотехнологиялар кафедрасының профессор-зерттеушісі Ниязбек Ибраев; "Павлодар педагогикалық университеті" КЕАҚ Жаратылыстану Жоғары мектебінің профессоры Роза Мұқанова; Қазақстан-Британ техникалық университеті профессоры Қайыржан Әбдіхалықов марапатталды.
"Шапағат" медалімен:
"М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" КЕАҚ кафедра доценті Тимур Зверяченко марапатталды.