Жаңалықтар тізбегі
0

Президент жас ұрпақты сапалы балабақшамен, мектеппен қамтуды тапсырды

Алматы, мектеп, балабақша, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2022 10:44 Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 қараша күні Алматы халқымен кездесуінде қала тұрғындары жыл санап өсіп келе жатқанын айтып, балаларды балабақшамен, мектеппен қамту мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің сөзінше, Алматы халқының 60 пайызы көші-қон арқылы көбейіп отыр. Бұл жағдай қаланың әлеуметтік инфрақұрылымына елеулі әсер етеді. Қазір қаладағы балабақшаларда 19 мыңнан астам орын жетпейді.

"Бұл тапшылықты азайту үшін мемлекеттік және жеке меншік балабақшаларды шұғыл түрде салу керек" – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, ол балаларды мемлекеттік білім тапсырысы арқылы мектепке дейінгі жеке білім беру мекемелеріне орналастыру мәселесін сөз етті.

"Әкімдікке үштен алты жасқа дейінгі балалардың 97 пайызын мектепке дейінгі біліммен қамтуды тапсырамын. Бұл міндетті 2025 жылға дейін орындау керек". Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқушылардың саны жыл сайын орта есеппен 12-15 мыңға артып келеді. Сол себепті, мектептерде орын тапшылығы жоғары. Қазір 29 мыңнан астам оқушыға орын жетпейді. Қасым-Жомарт Тоқаев "бұл ахуал оқушылардың сапалы білім алуына кері әсер ететінін" атап өтті.

Президент Алматыда алдағы екі жыл ішінде "Жайлы мектеп" жобасымен 37 мың орындық 22 мектеп салу керек екенін айтты.

Басты міндет – 2030 жылға қарай бір ауысыммен оқытуға толық көшу. Ішкі миграция қарқынды дамып жатқандықтан, осындай мәселелер туындап отыр. Алайда, жас ұрпақты сапалы балабақша, мектеппен қамтамасыз ету – біздің міндетіміз. Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондықтан, президенттің айтуынша, бұл тапсырмалар міндетті түрде толық орындалуы керек.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: