Жаңалықтар тізбегі
0

Шетелде ғылыми тағылымдама алуға өтініш беру басталды

оқу, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2022 12:14 Сурет: unsplash
Ғылым және жоғары білім министрлігі шетелде ғылыми тағылымдамадан өту үшін конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім қабылдау басталғанын мәлімдеді. Ол 2023 жылғы 15 наурызға дейін жалғасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемнің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтары мен жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өту үшін қазақстандық ғалымдарға 500 грант бөлінді. Мемлекет тағылымдамадан өту шығынын, екі жаққа ұшу ақысын, сондай-ақ медициналық сақтандыру мен ай сайынғы стипендияны төлейді. Стипендия мөлшері белгілі бір елдегі қала мен өмір сүру деңгейіне қарай әртүрлі болады.

"Ұсынылатын шетелдік ұйымнан шарты көрсетілмеген шақыртуы, ғылыми нәтижелері, отандық және халықаралық ғылыми басылымдар мен дерекқорларда индекстелетін мақалалары бар үміткерлер ғылыми тағылымдаманы тағайындау конкурсына қатыса алады. Кандидаттардың таңдаған мамандану саласындағы жалпы жұмыс өтілі кемінде 12 ай болуы тиіс. Сонымен қатар кемінде В1 деңгейдегі мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны, шет тілден - кемінде 9,0-дан 5,0 деңгейдегі IELTS емтиханын тапсырғаны туралы сертификаттары міндетті түрде болу керек", - делінген министрлік хабарламасында.

Ғылыми тағылымдамадан өтуге ұсынылатын университеттер, ғылыми орталықтар, жетекші шетелдік ұйымдар тізіміне QS World University Rankings, Academic Rankings of World Universities, Times Higher Education World University Rankings халықаралық академиялық рейтингтерінің және Саймаго (SCImago Institutions Rankings) ғылыми институттар рейтингінің топ-250 тізіміндегі әлемнің 34 елінен 400-ден астам ЖОО, ғылыми-зерттеу орталығы мен ұйым кірді.

Тағылымдамадан өтуге арналған ғылыми зерттеулердің басым бағыттарының тізіміне 134 мамандық енді. Олар инженерлік, жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, медицина, өнер, білім, агроөнеркәсіптік кешен, ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс салаларындағы зерттеулер секілді бағыттар бойынша үлестірілген. Толығырақ ақпарат Халықаралық бағдарламалар орталығының сайтында жарияланған 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: