Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық ғалым құлағында мүкісі бар қазақ тілді балалардың сөйлеуін дамытатын әдістеме ойлап тапты

Кохлеарлы имплант, бала тілі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, ғалым, қазақстандық ғалым, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2023 09:52 Сурет: Facebook/gylym.jogarybilim
Қазақстанда теңдесі жоқ ерекше әдістемені жоғары білікті логопед-дефектолог Рауан Байчинов әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, бүгінгі таңда 86 балаға зерттеу жүргізілді. Олардың жетеуі дыбыстар мен сөйлеуді қабылдау, дыбысқа еліктеу, сөз тіркестері және қарапайым сөйлемдер атты төрт кезеңнен тұратын қайта оңалтудан өтіп жатыр.

Рауан Байчинов осы әдіспен екі жылдан бері оқытылып жүрген балалардың бірі бүгінде сөйлем құрап, сөйлеп жүргенін айтады. Тағы біреуі кохлеарлы имплант қойғалы дыбыстар мен дауысқа елеңдемейтін болған. Бірақ екі ай бойы арнайы әдістемемен үйретілген бала дыбыстарды жақсы қабылдап, жақсы ести бастаған. Дегенмен, ол әлі қайта оңалтудың үш кезеңінен өту тиіс.

Әдістеме үш жастан жеті жасқа дейінгі балаларға арналған.Жас ғалым авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтар тізіліміне мәліметтер енгізу туралы куәлік алған.

Қазіргі күні бұл әдістемені ШҚО Білім басқармасының "Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру" КММ, "Әлеуметтік қызметкерлер мен еріктілер қауымдастығы" қоғамдық ұйымы және университет базасында ашылған "Dana bala" үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығы қызметкерлері қолдануда.

Ғалым Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ "Dana bala" үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығында қызмет атқарады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: