Жаңалықтар тізбегі
0

Жаппай тәртіпсіздік: форс-мажор рәсімдеуге қажетті құжаттар аталды

Жаппай тәртіпсіздік, Алматы трагедиясы, форс-мажор, кәсіпкерлер, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2022 17:03 Сурет: Zakon.kz
Төтенше жағдай режимі жарияланған Алматы қаласы, Алматы және Маңғыстау облыстарының кәсіпкерлері еңсерілмейтін күш мән-жайлары, яғни форс-мажор туралы куәлік ала алады. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Ұлттық палата қазірдің өзінде бизнес нысандарының зардап шеккен жағдайларын тіркеп жатыр. Банктерге, мейрамханаларға, дүкендерге шабуыл жасау фактілері бар. ТЖ режимі 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап 19 қаңтар сағат 00:00-ге дейін енгізілді.

Форс-мажор туралы құжатты Сыртқы сауда палатасына жүгіну арқылы алуға болады. Шарттық міндеттемелер бұзылған жағдайда, төтенше жағдай енгізілуіне байланысты кәсіпкерлер өтеусіз негізде еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталғаны туралы куәлік ала алады."Атамкен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы

Куәлікті алу үшін Сыртқы сауда палатасының info.cci.kz@gmail.com немесе online@atameken.kz поштасына құжаттар пакетін ұсыну қажет. Куәлікті қарау және беру мерзімі құжаттардың толық пакетін ұсынғаннан кейін 15 жұмыс күнін құрайды.

Құжаттар пакетіне не кіреді:

  • Заңды тұлғалар үшін – тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама, жеке кәсіпкерлер үшін қосымшасымен бірге жазбаша өтініш, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама.

– ЖШС мемлекеттік тіркеу туралы анықтама.

  • Келісімшарттың, ерекшеліктердің, қосымшалардың, келісімшартқа қосымша келісімдердің сканерленген көшірмесі.

Қажет болған жағдайда, еңсерілмес күш мән-жайлары бойынша қорытынды беру үшін Сыртқы сауда палатасынан қосымша құжаттар сұрата алады.

Форс-мажор компанияны шарт бойынша барлық міндеттемесін орындаудан босатпайтынын және Серіктеспен жасалған шарттың күшін жоймайтынын еске саламыз. Куәлік міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен ғана босата алады, яғни компаниядан шығындарды, тұрақсыздық айыбын, өсімпұлдарды, айыппұлдарды өндіріп алуға болмайды. Бизнеске арналған шектеу шаралары алынып тасталған кезде, компания өз міндеттемелерін шартта көрсетілген мерзімде немесе басқа мерзімде орындауы керек."Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы

Барлық сұрақ бойынша 8-777-351-7171 телефонына хабарласуға болады.

Пошта: info@atameken.kz

Анықтама үшін:

Форс-мажор – бұл еңсерілмейтін күш жағдайлары. Соның салдарынан шартты орындау мүмкін емес. Форс-мажорға табиғи апаттар, індеттер, шекаралардың жабылуы, ереуілдер мен диверсиялар, соғыстар мен террорлық шабуылдар, биліктің заңдары жатады. Сондай-ақ, форс-мажор деп мыналарды тануға болады:

– алдын ала болжау мүмкін емес жағдайлар;

– салдары келісімшарттың орындалуына тікелей байланысты жағдайлар;

– тараптардың әрекеттері оның салдарын болдырмауға көмектеспейтін жағдайлар.

Қазақстанда форс-мажор туралы куәлікті сыртқы сауда палатасы (ССП) 2014 жылдан бері береді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: