Жаңалықтар тізбегі
0

Бүлік кезінде зардап шеккен кәсіпкерлер жалға алу ақысын төлеуден босатылды

Жаппай тәртіпсіздік, Алматыдағы шеру, кәсіпкерлер, жалдау ақысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2022 14:54 Сурет: Zakon.kz
Ұлттық экономика министрі 2022 жылғы 31 қаңтардағы бұйрығымен Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алуға) қағидаларына өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz

Осылайша, жылжымайтын мүлік объектісін мүліктік жалдағаны (жалға алу) үшін тәртіпсіздіктерден зардап шеккен жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардан 2022 жылғы 5 қаңтардан 30 маусымға дейінгі кезеңде ешқандай ақы алынбайды.

Енгізілген өзгеріске сәйкес, жалдау туралы шартқа қосымша шарт жасау қажет.

Бұйрық 2022 жылғы 2 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: