Шымкентте жиһаз фабрикасы ашылды

Бизнес, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2022 18:32 Сурет: Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін Шымкентте қала күні қарсаңында тағы бір фабрика ашылды. «Тассай» индустриялық аймағында Mega Smart жиһаз фабрикасы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаламызда мемлекеттің қолдауының арқасында ашылған жаңа өндіріс орындарының саны жыл санап артып келеді.

Қазіргі уақытта Шымкентте қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру үшін қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде қаламыз екі жыл қатарынан инвестиция өсімі бойынша елімізде көш бастап тұр.

Сурет: Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

2 гектар аумақты алып жатқан бұл фабрикаға 750 млн теңге инвестиция тартылды. 5 мың шаршы метрден астам өндірістік база салынды. Заманауи құрал-жабдық алынды. 100 жаңа жұмыс орны ашылды. Өндіріс ошағы жылына 120 мың дана түрлі жиһаз шығармақ.

Сурет: Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: