Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі жобаларын қаржыландыру бағдарламасы іске қосылады
Аталған қор атап өткендей, бағдарлама Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде ШОБ субъектілерін қолжетімді қаржыландыруды қамтамасыз ету арқылы инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған.
Бағдарлама бойынша қаржыландырудың жалпы көлемі 50 млрд теңгені құрайды.
Бағдарламаның негізгі шарттары:
Қаржыландыру мерзімі-10 жылға дейін;
Сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 3 %;
Қаржыландыру сомасы - 80 млн. теңгеден 3 млрд. теңгеге дейін;
Жоба бастамашысының жеке қатысуы-жоба құнының кемінде 15 %.
Өңдеуші өнеркәсіптің отандық кәсіпорындарына лизинг және кредит беру құралдары арқылы қаржыландыру ұсынылатын болады, бұл ретте кредит сомасы лизинг сомасынан аспауға тиіс.
Жобаларды қарау кезінде негізгі назар импортты алмастыруға және экспортқа бағдарлануға, яғни өнімдері ішкі нарықтың сұранысын жабатын және елдің экспорттық әлеуетін өсіруге мүмкіндік беретін кәсіпорындарды қолдауға бағытталатын болады, делінген хабарламада.
Өңдеуші өнеркәсіп жобаларын қаржыландыру бағдарламасын іске асыру Өңдеуші өнеркәсіптің шағын және орта кәсіпорындарының негізгі құралдарын жаңартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік береді, сондай-ақ бюджетке салық түсімдерін қамтамасыз етеді.