Құрбан айттың бірінші күнінде 47 мыңға жуық отбасыға ет таратылды
Сурет: ҚМДБ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында биыл да құрбан шалуды офлайн және онлайн жүзеге асырып жатыр. Құрбан айттың бірінші күнінде республика көлемінде жалпы саны 14 435 мал құрбандыққа шалынған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құрбан айттың алғашқы күні, яғни, 9 шілдедегі мәлімет бойынша республика көлемінде жалпы саны 14 435 мал шалынса, 2600-ге жуық тапсырыс qurban2022.kz сайты арқылы берілген. Оның ішнде қой – 12 786, ешкі – 845, ірі қара – 796, түйе – 8. Барлығын айтқанда еліміз бойынша 46 807 отбасыға құрбандық еті таратылды, – делінген ҚМДБ хабарламасында.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғам алдындағы негізгі қызметінің бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру. Онлайн форматта құрбан шалуға qurban2022.kz сайты арқылы тапсырыс беру айттың үшінші күні, яғни, 11 шілде сағат 16:00-ге дейін жалғасады.
Бүгінде әлем мұсылмандары екі жылға созылған үзілістен кейін үлкен қажылық жасап жатыр. Солардың қатарында Мекке қаласында қажылық парызын өтеп жүрген 4 мың отандасымыздың ниеті мен дұғасы қабыл болып, елімізге аман-есен оралуын тілейміз. Алла Тағала еліміз бен жерімізге берекесін жаудырып, шалған құрбандықтарымызды, берген садақаларымызды, айт күндері амалға асырған Аллаға ұнамды әрбір игі істерімізді қабыл еткей. Айттан айтқа аман-есен жете берейік. Әмин, – деп құттықтады бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript