Рамазан айы қашан басталады

Қазақстанның діни басқармасы, Рамазан айы, Қадір түні, Айт мерекесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2023 17:37 Сурет: pixabay
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы14 наурыз күні Рамазан айына орай БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚМДБ Төрағасы мұсылман үмметі үшін ұлық саналған Рамазан айы жайлы баяндап, журналистердің сұрағына жауап берді.

"Біз Орталық Азия елдерінің мүфтилерімен, ондағы пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық. Алла қаласа, биыл Рамазан айы 23 наурызда басталады. Ал сәуір айының 17-нен 18-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 21 сәуір – ораза айт мерекесі".Наурызбай қажы Тағанұлы

Биыл пітір садақа 535 теңге болып бекітілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: