Каспийдің таяздануы туралы видеоға министрлік жауап берді
Әлеуметтік желі қолданушылары бір-біріне Каспий теңізі жағалауының тартылып жатқанын көрсететін бейнеролик таратуда. Соған ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоғаммен байланыс департаменті жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл – Ақтау қаласының маңындағы Кендірлі ауданы. Аталмыш аумақ, әсіресе теңіздің солтүстік-шығыс бөлігі іргелес жер түбінің кішкентай беткейлері өте таяз, батпақты жерге айналуда. Сонымен қатар, көп жылғы бақылаулардың қорытындылары бойынша қазіргі уақытта Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі тіркелді.
Теңіз деңгейі 2005 жылдан бастап төмендеп келеді. 2005 жыл мен 2020 жылға дейінгі талдау бойынша төмендеу деңгейі 133 см болған. 2021 жылға арналған болжамға сәйкес қазірдің өзінде теңіз деңгейінің төмендеуі 140 см-ден асқан.
Ең алдымен, таязданудың себебі Каспий теңізінің де, оның бассейнінің де су балансының сипаттамаларының өзгеруімен байланысты. Бассейндегі климаттың өзгеруі ағынның азаюына әкеледі, ал тағы бір себебі – антропогендік әсер. Каспийге құятын Еділ, Жайық (Орал), Кавказ өзендерінің барлығы жол-жөнекей тоқтаусыз тұтынылуда. Оның айналасында көптеген ірі су қоймалары салынған, қарқынды шаруашылық қызмет те жүргізілуде.Маусымдық су алатын су қоймаларының салдары теңізге жер үсті ағынының азаюына, теңіздің таяздануына әкеліп соғуда. Сонымен қатар климаттың өзгеруіне байланысты булану күшейіп, тиісінше ағынның төмендеуіне әсер етеді, делінеді хабарламада.