Қазақстанда жаңа ұлттық парк құрылды
Сурет: pixabay
Оның аумағы 58,9 мың гектарды құрайды
Қазақстанда жаңа ұлттық парк құрылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Twitter-де ҚР Экология министрі Серікқали Брекешев жазды.
«Ұлытау» табиғи паркі Қарағанды облысында құрылды, оның аумағы 58,9 мың гектарды құрайды.
«Ұлытау» паркін құрудағы мақсат ерекше экологиялық және ғылыми құндылығы бар мемлекеттік табиғи кешендердегі биологиялық және ландшафттық әртүрлілікті сақтау және қорғау.
Бұл еліміздегі 14-ші ұлттық парк.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript