Нұр-Сұлтан мен Алматыда экологияны жақсарту үшін қандай шаралар қолданылып жатыр
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы күрделі экологиялық жағдайды жақсарту жөнінде тапсырма берген еді.
Бүгінде министрлікте 5 блоктан және 22 іс-шарадан тұратын экологиялық жағдайды жақсарту бойынша, яғни атмосфералық ауа сапасын арттыру, ауа айналымын жақсарту, газдандыру, автокөлік, көгалдандыруды одан әрі жандандыруға байланысты Жол картасы әзірленіп, бекітілді.
Қазір Жол картасында қарастырылған 22 іс-шараның 13-і орындалды. Мысалы, Нұр-Сұлтан бойынша 1-ЖЭО және 2-ЖЭО-ға су жылыту қазандықтарын табиғи газға ауыстыру және іске қосу арқылы газ құбырын тарту аяқталды.
Атқарылған жұмыстар:
Газдандыру бойынша елордада 1-кезектегі жұмыс аяқталды. Толық газдандыруды 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
Алматы бойынша 2-ЖЭО және 3-ЖЭО қазандықтарды газға ауыстыру арқылы жаңғырту туралы шешім қабылданды. «Қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып, Алматы 2-ЖЭО жаңғырту» жобасының ТЭН-іне оң қорытынды алынды және жобаны іске асыру бойынша жұмыс басталды. Бұл шығарындыларды 83%-ға, яғни 37,8-ден 6,0 мың тоннаға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар атмосфераға зиянды шығарындыларды азайту үшін Алматыда дизельдік қоғамдық көлік сатып алуға тыйым салынды және 335 электр және газ автобустары сатып алынды. Жанармай құю станцияларындағы отын сапасына және жалпы автокөлікті техникалық байқаудан өткізуге қойылатын талаптар күшейді. Кіру және шығу жолдарында 21 «Сергек» жүйесі бекеттері және 19 экопост орнатылған. Олар Алматының полиция департаментіне шығарындыларды тіркеу және деректерді беру үшін «Сергек» жүйесімен біріктірілген.
Аумақтарды көгалдандыру бойынша әкімдіктер жасыл желекерді толықтай тесереді, қаланың жасыл желектерінің тізілімі енгізілетін болады, онда жасыл желектердің типтері, түрлік құрамы, алаңының көлемі, жай-күйі және орналасуы туралы деректер тұрақты негізде жаңартылатын болады. Тиісті заңнамаға ағаштарды заңсыз кесу ережелеріне өзгерістер енгізілді, ол бойынша ағаштарды заңсыз кескені үшін жиырма және отыз есе мөлшерде өтемдік ағаш отырғызу көзделген, ал олардың заңсыз кесілгені үшін әкімшілік жаза бес есеге дейін ұлғайтылды.
Айта кету керек, жел ағынын зерттеу мақсатында Алматы қаласының әкімдігі жел режимін зерттеуді компьютерлік модельдеу бойынша эксперименттік жұмыс бастады, сондай-ақ жел бағытын ескере отырып, құрылыстың бас жоспарына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірленуде.
Осылайша, жаңа Экологиялық кодекске сәйкес әкімдіктер енді атмосфералық ауа нашарлаған жағдайда 3 жыл ішінде көлік құралдарының кіруіне шектеулер енгізу, ал қолайсыз метеожағдайлар туындаған кезде атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарылуын реттеу жөніндегі уақытша шараларды енгізу өкілеттіктерне ие.