Тиіндерге қуырылған дән беруге болмайды
Сурет: Zakon.kz
Саябақтағы тиіндер қыдырып жүрген кез келген адамды сүйсіндіреді. Адамдар мұндай сәтте бірден тиіндерге тамақ бергісі келеді. Бірақ бұл жануардың да өзіне зиян болмайтын азығы бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мамандары тиіндерге зиян келтірмейтін өнімдер туралы мәлімет берді. Олардың айтуынша, тиіндер күніне бір шайқасық (10 грамм) асқабақ немесе күнбағыс тұқымын жеуіне болады.
Ал бұдан басқа қуырылған, тұзды тағамдар мен дәндерді тиінге беруге болмайды. Олардың ас қорыту жүйесі қуылырған тағамды қорытуға шамасы жетпейді. Себебі табиғатта тиіндер қуырылған тағамды ешжерден таппайды.
Жануарлардың бұл түрін тек дәнді дақылдар беріп, азықтандыруға болады. Жануарға зиян келтірмеу маңызды. Ал қуырылған өнімді тиінге беру арқылы оның денсаулығына кесіріңізді тигізесіз. Жануар өзін жайсыз сезінеді әрі ас қорыту жүйесі бұзылады. Табиғатта жануарлардың қуырылған тағамдарды алатын жері жоқ. Сондықтан олардың ас қорыту жүйесі шикі тағамдарды, тұқымдарды және жаңғақтарды қорытуға ғана бейімделген. Тепе-теңдікті бұзбаңыз, тиіндерге азық берер кезде, ойланыңыз, – деді «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мамандары.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript