«Міне, Арал теңізінен қалғаны». Ғарыштан түсірілген видео көпті алаңдатып қойды

Арал теңізі, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2022 22:23 Сурет: видеодан алынды
"Союз ТМА-М" ғарыш кемесінің бортинженері, "Роскосмостың" ғарышкері Олег Артемьев Telegram-да Арал теңізінің ғарыштан түсірілген видеосын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Біз Арал теңізінің үстінен ұшып барамыз ... Бұл, нақтысын айтқанда, содан қалғаны", - деп жазды ХҒС бортинженері видеода.

Видеоны көрген желідегілер өз алаңдаушылықтарын білдіріп, жаппай пікір жазды:

- Сол кездегі биліктің кесірінен бұл теңіз осындай күйге түсті, Каспийді де осындай тағдыр күтіп тұр.

– Жыл сайын тайызданғанның үстіне тайызданып барады. Оны аман алып қалу үшін Қазақстан тарапынан теңіздің бір бөлігін толтыру мақсатында бөгет салынды. Ол көл болып тұрады. Оны видеоның 00: 22 секундында көруге болады. Ал Өзбекстан тарапы жағы нашар.

- Жер Адамнан тек зиян шегіп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: