Блогер Каспий теңізінің тез таязданып бара жатқанын көрсетті
Азамат Сәрсенбаев өмірінде ешқашан жағада толық суға толы алаңды көрмегенін айтады. Оның сөзінше, "Каспий өз жағасын қайтарып алуға тырысып, күш-қуатсыз ашуланып, зарланып жатыр".
2022 жыл, Каспий теңізі әлі таязданып барады... — делінген видеоның астында.
Желі қолданушылары блогерді қолдап, бұл өте өкінішті жағдай екенін жазып жатыр:
Неге барды сақтап қалмасқа? Мұнымен қалай күресуге болады?
Дәл осы апатқа ешкім мән бермей отыр. Бірақ теңізге қараудың өзі аянышты. Ғажайыпқа үміттенемін. Мүмкін ол кенеттен болып қалады.
Тағы бір қолданушы теңіздің күрт тартылуы 1930 жылдары басталып, 1977 жылға дейін жалғасқанын, кейін 1993 жылға дейін теңіз деңгейі 2 метрге көтерілгенін қоса кетті.
Жақында теңіздің тартылуы тоқтап, деңгейі көтеріле бастайды деп үміттенеміз, - деп жазды белсендінің оқырманы.
Азамат Сәрсенбаев теңіздің таяздануы мәселесін кейінгі рет 30 тамызда көтерген еді.
Айта кетейік, мамандар теңіздің таяздануын Еділ мен Жайықтан келетін судың азаюымен байланыстырады.